«Кәмелетке толмағандар арасындағы девиантты мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтілді.
08.04.20168 сәуір күні оқушылар арасындағы девиантты және аутодеструктивті мінез-құлық белгілері мен алдын ала анықтау дағдылары туралы ата-аналарға ақпарат беру, сенім телефондарымен таныстыру мақсатында «Право » қоғамдық қоры ұйымының өкілдерінің қатысуымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы девиантты мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтілді.


«Право» қоғамдық қоры ұйымының өкілі әлеуметтік қызметкер А.Мусралинов қоғамдық қоры ұйымы өз тарапынан оқушылармен қандай іс-шаралар ұйымдастыратыны, қандай көмектер ұсынатындығы туралы айтып өтті. Заңгер Н.Қ.Қожахметов ата-аналарға оқушылар арасындағы девиантты мінез-құлықтың орын алуы, оның себептері мен алдын алу жұмыстары туралы толық мағлұмат берді. Сонымен қатар девиантты мінез-құлықтың орын алуына байланысты қажеттілігіне орай ата-ана тұрғысынан жауапқа тартылатын заң баптары мен салынатын айыппұл көлемдері туралы ақпаратпен таныстырып, балаға қамқорлық пен қадағалаудың керектігін ескертті. Мектеп педагог-психологы Ж.Қ.Дүйсебаева оқушылар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жұмыстарының орындалуы туралы, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу үшін балада болуы мүмкін өзгерістер мен ерекшеліктер байқалса арнайы мамандармен хабарласу керектігі мен сенім телефондары жұмыс жасайтындығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектеп инспекторы Г.Нұрғалиева келеңсіз жағдайлар туындамау мақсатында ата-аналарға оқушы құқығы, ата-ана міндеті жайлы айтып өтті.


Community discussions
Обсуждений не найдено
