«Баласы кітап оқыған ел - бақытты ел» онкүндігі

17.04.2016

Мектебімізде  директордың  ғылыми  істер  жөніндегі  орынбасары Момынқұлова  Алтын Момысқызының  авторлық  бағдарламасымен  «Отбасылық  сауаттылық  оқырмандар» клубы   жұмыс  жасайды.

Тәжірибелі   ұстаздың   басты   мақсаты   ой-сананың  қозғаушы  күші, рухани қазына   кітап  екенін   оқушыларға  жеткізу  арқылы  жеке тұлға тәрбиелеу,оқырмандар  санын   көбейту. Осы  игілікті   істі  жүзеге  асыру үшін  1-11 сыныптар   арасында  дәстүрлі   шаралар  жоспарланған. Сәуірдің  15-ші  жұлдызы   күні 2 «в» сыныбында   Ахметкалиева Мара Жамбылқызының   ұйымдастыруымен   «Ертегілер әлемінде » оқырман конференциясы өтті.

 

  Кітап та алма ағашы

  Жемісін біздер теретін.

  Тәтті алмаға  балашы,

  Кітабыңның әр бетін,-  деп  сөзін  бастаған  ұстаз  конференцияны  «Кітап  туралы»  бейнебаян көрсетуден  бастады.

     Оқушылар  ата-аналарымен   бірлесе  оқыған  кітаптарын  талдады, ертегідегі  қиял-ғажайып  таңқалдырған   жайттарды  баяндады. Мен «Сүйікті   кітабымды   иллюстрациялаймын»  бөлімінде  мазмұнға байланысты  сурет  салып, кітап  туралы  өз   пікірлерін айтты. Оқырман конференциясының   қорытынды   бөлімінде   Алтын   Момысқызы ата-аналарға   алғыс   айтып, оқушыларға   таудай   талап   тіледі.  Елбасымыз Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  болашақта   компьютер  бастыларды кітап   оқығандар   жеңеді   деген   сөзі   жүзеге   асатынына    сенімдіміз.





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено