Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар
17.04.2016Мектебімізде сәуір айының 15-ші жұлдызында 11-сынып оқушыларының ұйымдастыруларымен «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» атты тағылымды іс-шара өтті. Жыл сайынғы дәстүр бойынша ардагер қарттарымызды құрметті қонақ жасадық. Оқушылар ардагерлерге шағын концерт ұйымдастырып, сыйлық дайындады, мерекелік дастархан жайды. Іс-шара аяқталғаннан кейін оқушылар сынып жетекшілерімен бірге «Мәңгілік алауға» барып, майдан даласынан оралмаған жауынгерлерге тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Ардагерлерімізді ұлықтап,ол кісілердің ерліктерін паш ету өз жалғасын таба береді.
Іс-шараны ұйымдасырушы:
- 11 «А» сынып жетекшісі: Қоқанова Б.Д.
- 11 «Ә» сынып жетекшісі: Дюсенова Г.Ж.
- 11 «Б» сынып жетекшісі: Иманалиева А.Б.
- 11 «В» сынып жетекшісі: Аренова Ж.С.-қызына мектеп әкімшілігі үлкен алғыс айтады.



Community discussions
Обсуждений не найдено
