Сыныптан тыс іс- шаралар 10-15 аралығы

15.03.2016

10.03.2016 ж.МИФ блогында «Тоғызқұмалақ» ойыны ұйымдастырылды. Оқушылар өте қызығушылықпен қатысты. Жеңімпаз оқушылар анықталып, марапатталды. Ұйымдастырған пән мұғалімдері: Исмайлова К. С., Бакежанова Н. Ж.

10.03.2016 ж. сыныптар арасында «Математика әлеміне саяхат» атты сыныптан тыс шара өтілді. Сайыс 6 бөлімнен тұрды, атап айтқанда: 1) Сәлемдесу, 2) Ой сергіту, 3) Санап көр!, 4) Жаңылмаймын, 5) Көңілді сұрақтар және 6) Мақал- мәтел, жұмбақ. Әрбір сыныптан 5 оқушыдан қатысып, өздеріне ат қойып, таныстырып шықты. Әр бөлімге топтағы оқушылар белсене қатысты, сондай-ақ көрермендерде өз тапсырмаларына жақсы қатысып, кішігірім сыйлықтармен марапатталды. Жарыс соңында әділ-қазылар жеңімпазды анықтап, мақтау қағаздармен марапатталды. Пән мұғалімдері: Киреева А.Т.; Бакежанова Н.Ж.

12.03.16 ж. 9 -сыныптар арасында «Қызық Тimes» сыныптан тыс іс-шарасы теле шоу желісінде өтілді, командалар 4 топқа бөлінді.   Тапсырмалар 5-бөлім тұрады: 1)«Ойлы болсаң, озып көр», 2) «Сәйкестікті тап», 3) «Ән көңілдің ажары», 4) «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте», 5) «Тіл өнері». Сайысқа оқушылар белсене қатысып, соңында әділ- қазылар жеңімпазды анықтап, мақтау қағаздармен және де бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жауапты мұғалімдер: Бимендина Г., Узбекова Р.,Байырхан М.


15.03.2016ж. 10"А" 10"Ә"сыныптар арасында ұйымдастырылған «Сегіз қырлы, бір сырлы» зияткерлік сайысы өтті. Сайыс 5 бөлімнен тұрды: 1) «Суреттер сөйлейді», 2) «Мақал – сөз мәйегі», 3) «Тапқырлар», 4) «Кім жылдам?», 5) «Алғырлар». Әр бөлім сайын төмен ұпай жинаған оқушылар сайыстан шығарылып отырды. Сайыс барысында оқушыларға қызықты тапсырмалар берілді, оқушылар жоғары белсенділікпен қатысты. Сайыстың соңғы бөлімі «Тапқырлар» бөлімінде екі оқушы қалды.Оларға математика және информатикадан тапсырма берілді. Сайыс соңында жеңімпаздар «Үздік математик» және «Үздік информатик» номинациясымен иеленіп, марапатталды. Ұйымдастырған пән мұғалімдері: Исмайлова К.С., Мәулітбекқызы А.

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено