«Білікті бірлестік» ұжымы біліктілігін көрсетті

05.04.2016

                 Қалалық «Үздік дене шынықтыру ұжымы» байқауында мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері үздік бестіктен орын алды. Оқу жылының басында басталған бұл байқау  бірнеше кезеңдерден тұрды. Осы кезеңдердің бәрінен өтіп, ақтық сынға жолдама алып, өз өнерлерін паш етті. «Білікті бірлестік» ұжымының құрамында тоғыз мұғалім өнер көрсетті. Хапар Баймұрат өзінің жүргізушілік қабілеті мен дәстүрлі ән айтудың шебері екенін көрсетсе,  Мұхан Ғазизұлы өзінің спорттық шеберлігін жан-жақты көрсетіп, домбырамен ән шырқады. Махаділ Ерхан ақындық өнерін салып, топ мүшелерін жалынды өлеңдерімен таныстырды. Барлық топ мүшелері бірге ән шырқап, көрермендер көзайымына айналды. Сахна мәдениеті мен киім үлгілерімен ерекшеленіп қана қоймай, білікті, алғыр, білімді тұстарын көрсетіп айқындап берді. Салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
            «Білікті бірлестік» ұжымына шығармашылық табыс, зор денсаулық пен қажымас қайрат тілейміз. Тәрбиелеп жүрген шәкірттері жеңістің шыңын бағындыра берсін.





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено