Мектеп оқушылары Каратэ-додан VII Әлем чемпионатына қатысты

05.04.2016

    2016 жылдың 1-3 сәуір аралығында Польша мемлекетінің Быдгощ қаласының ұйымдастыруымен Каратэ-додан VII Әлем чемпионаты  өтті. VII Әлем чемпионатына 42 мемлекеттің спортшылары додаға түсті. Астана қаласының атынан Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының  каратэ-до спорт үйірмесінің бас бапкер Үсенбаев Әділет және 4 оқушысы Мубараков Алмас, Мүтәліп Еркежан, Сатылған Рауан және Самашева Бэлла қатысты. Аталмыш жарыста сынға түскен 42 мемлекеттен келген спортшыларды жинаған байрақты бәсекеде біздің жас спортшылар сәтті өнер көрсетіп, өздерінің шеберліктерінің арқасында Сатылған Рауан 1-ші орын, Мүтәліп Еркежан 2-ші орынды өз қанжығасына байласа, Самашева Бэлла  3-ші орынды иеленді. Осы толағай табыстардың, жеңістердің барлығы, әрине, үлкен еңбектің нәтижесі.
    Осы жарысқа Қазақстан Республикасынан 24 спортшы қатысып, мемлекеттер арасында Қазақстан күміс медаль, яғни 3-ші орынді жеңіп ала отырып,  Қазақстанның көк туын тағы бір аспанға желбіретті.

 
     
 
     
 




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено