Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің өткізілуі туралы анықтама

06.04.2016

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өтуге №31 мектеп-гимназиясының ата-аналар ұжымы белсенділік танытты.



Наурыздың 17 жұлдызында мектептің мәжіліс залында олардың ұйымдастырылуымен «Қош келдің Әз, Наурыз» атты тағылымдық шара өтті. Шараның мақсаты қазақ халқының ежелден сақталып келе жатқан, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, атап айтсақ «Көрісу», «Сүйінші», «Шілдехана», «Ат қою», «Бесікке салу», «Тұсаукесер», «Тілашар» сияқты әдет- ғұрпымызды ата-аналар сахналандырылған көрініспен көрермен назарына ұсынып, бәрімізді тәнті етті. Шара соңында әжелер тіл үйірер наурыз көжеге шақырды.

Дастарқан жайылып, ұлттық тағам түрлерін көрсетіп, олардың ұлттық, тәрбиелік мәніне тоқталды. Соңы мектеп оқушыларымен дайындалған мерекелік концертке ұласты.
 
А.Р.Кушкумбаева
ҚР «Тілдер туралы» Заңының орындалуына жауапты
директордың орынбасары









Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено