«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар ұйымына оқушылар қабылданды
06.04.2016«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар ұйымына оқушылар қабылданды
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Мектебімізден 138 оқушы қабылданды. Мектеп үздіктері мен түрлі байқаулардың жеңімпаздарына туымыз түстес галустук тағылып, төсбелгілер табысталды. ҚР патроиоты болуға, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге, Отанын мақтаныш етуге, ата-ананы қадірлеуге, білімге ұмтылуға, салауатты өмір салтын ұстануға, табиғатты аялауға, «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарынан талап етуге, жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.
Жасұлан ұйымының негізгі мақсаты - оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері – әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.
Жасұлан ұйымының мүшесі – Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші. Жасұлан ұйымының мүшесі – батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады. Жасұлан ұйымының мүшесі – оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.
Ендеше, «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар ұйымына қабылданған оқушыларымызды қүттықтап, Егеменді Еліміздің Еңселі азаматтары болуларына тілектеспіз.Community discussions
Обсуждений не найдено
