Армысың, әз Наурыз! Береке мен ынтымағы жарасқан мейрам.

18.03.2016

Қазақ халқының ежелден сақталып,атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз  мейрамының  мәнін түсіндіру, әрі дамыту   және  көркейту  мақсатында  мектебімізде 1-11 сыныптар арасында  береке мен ынтымағы  жарасқан мейрам аталып өтті. Бастауыш сыныптар  ата-аналардың қатысуымен салт-дәстүрдің барлық түрін  мазмұнды өткізді. 

7 «А», жетекшісі: ҚапшаеваГ.А. 7 «А», жетекшісі: Бакенова.А.Б, 6 «Ә», жетекшісі Абдулкаримова Б.Қ., 5 «Г» жетекшісі Шонова.А.Қ. сыныптарын ерекше атап өтуге болады. Ұлыстың ұлы күні мектебіміздің есігін  қуанышпен  ашты. Оқушылар әзірлеген көріністер, ұлттық ойындар, салт-дәстүр  (қыз қуу,бесікке салу, тұсау кесу) ерекше болды. Наурыздың нағыз  сәні  наурыз  көже  екеніне  оқушылардың  көзі  жетті.

Оқушылар  наурыз  көжеге  су  қосқаны - өмір, сүт  қосқаны - ақ мол  болса  денсаулыққа  да  кепіл  деген деп тамаша пікірлер айтты.

Наурыздан  наурызға жете берейік!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено