Рахмет саған, жан Анам!

09.03.2016

Рахмет саған,  жан Анам!

Мектепішілік көлемінде ата-аналардың қатысуымен 9 «А» сыныбының ұйымдастыруымен өткен «Рахмет саған, жан Анам» атты мерекелік іс-шара көрермендердің көңілін қозғап, маңызды да қызықты өтті. Қатысқан оқушылар, шумақ өлеңдерімен қоса келген аналар мен ұстаздарға гүл шоқтарын ұсынды.Мектебіміздің  Жайдарман КВН «Ғафу шәкірттері» командасының әзіл-ысқақ қойылымдарын көре отырып, көрермендердің көңілдері көтеріліп қалды.Ата-аналар комитетінің атынан Тоқтасынова Бәдігүл апай жылы лебізін білдіріп, ұстаздарды, оқушыларды мерекемен құттықтап, алғысын айтты. Сынып жетекшісі М.A.Батырхановаға, қатысқан 9  сынып оқушыларына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.А. Кампитова мерекенің жоғары деңгейде өткені туралы айтып алғысын білдірді.

    








Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено