Мартеница
04.03.20164 наурызда Юрий Гйров атындағы №6 гимназияда болгар халқының ұлттық «Мартеница» мерекесі тойланды.Ол қазақстандық «Алғыс айту күніне» орай өткізілді. Мерекеде Қазақстандағы Болгар елшісі Васил Петков және оның жұбайы, Астана қаласы «Злата» болгар орталығының мүшелері, Павлодар қаласынан келген «Славяне» Болгар орталығының төрайымы Валентина Комарова болды. Зал әдемі безендірілген, болгар музыкасы ойналды, қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Барлық келген қонақтарға сыйлық етінде мартеницалар табыс етілді (здравица – қызыл жәе ақ жіптен жасалған, денсаулық пен ұзақ ғұмыр белгісі).
Community discussions
Обсуждений не найдено
