«Үздік сынып жетекшісі-2016» байқауы
04.03.2016Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл-қыздарына саналы тәрбие,сапалы білім беруде талмай еңбек етіп жүрген сынып жетекшілерінің шығармашылығын байқау мақсатында «Үздік сынып жетекшісі-2016» байқауы өтті. Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыру, тәрбие үрдісін жетілдіру, тәрбие субъектілерінің құзырлылығын дамыту да байқаудың мақсаты болды.
Мектепішілік «Үздік сынып жетекші-2016» байқауының ашылу құрметінің алғы сөзін мектеп директоры Садықова Зәуре Жақанқызы ашты.
Сайыс кезеңдері:
1. «Менің кәсіби ерекшелігім» тақырыбында өзін өзі таныстыру
2. «Өнерлі-өрге жүзер» тақырыбында өз өнерін көрсету
3. «Ұшқыр ойдан белсенді әрекетке» педагогикалық жағдаятты талдау және шешу.
Сайысқа қатысушы сынып жетекшілері ашық сабақтар беріп, өз портфолиоларын дайындаған еді. Сайыстың соңғы турына да жоғары дайындықпен келген.
Сайысқа қатысушы сынып жетекшілері:
- Мұсабаева Сәлима Егізбайқызы - 2«А» сынып жетекшісі
- Шетенова Ермек Нұржауаровна - 9 «Ә» сынып жетекшісі
- Абдукаримова Баян Құлахметовна - 6 «Ә» сынып жетекшісі
- Амантаева Ләззат Рахменяновна - 1 «Е» сынып жетекшісі
- Смағұлова Назгүл Бекзанқызы - 10 «Ә» сынып жетекшісі
- Нанаева Айгүл Шумқарбековна - 5 «Д» сынып жетекшісі
- Бижигитова Әсел Жүсіпбековна - 1 «Г» сынып жетекшісі

Бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құйып жүргендерін дәлелдеуге тырысқан сынып жетекшілері өздерін барлық қырынан танытты.
Сайыс қорытындысы бойынша:
«Жыл сынып жетекшісі-2016» атағын 10 «Ә» сыныбының жетекшісі Смагулова Назгүл Бекзанқызы алды.
1 орын - 2 «А»сынып жетекшісі-Мұсабаева Сәлима Егізбайқызы
2 орын - 1 «Е» сынып жетекшісі -Амантаева Ләззат Рахменяновна
3 орын - 9 «Ә» сынып жетекшісі-Шетенова Ермек Нұржауаровна
Қалған сынып жетекшілері номинациялармен марапатталды.
Сайысқа қатысқан сынып жетекшілеріне шаршамай талмай, еңбек ете беріңіздер дейміз! 

Community discussions
Обсуждений не найдено
