«Біз Қазақстан болашағымыз»

23.02.2016

«Біз Қазақстан болашағымыз» атты Жайдарман (КВН) мектепішілік байқауы өтті. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетіміздің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл мерекелік іс-шара  жоғары деңгейде өтті.         Қатысқан 4 команда (9 А, 9 Ә, 8 А, 8 Ә сыныптары) көрсеткен әзілдері арқылы тақырыптың мақсатын айқын аша білді.
        8 А сынып командасының қорытынды әндері болашақ жастарға арналып, балалардың патриоттық сезімдерін оятты.   
        8 Ә сынып командасының сәлемдесу әзілдерін өте орынды көрсете білді.
        9 Ә сынып командысының үй жұмысы тапсырмасының дайындығы өте қызықты болды.
        9 А сынып командасының өткір әзілдері көрермендердің  көңілінен шықты.    

Қорытындылай келгенде, әр команда өте жақсы дайындықпен келген. Әр топқа берілген сұрақ -жауаптарға белсене жауап беріп отырды. Сөз соңында тәрбие ісінің орынбасары Кампитова С.А. және музыка пәнінің мұғалімі Омарова Г.Б. қатысушыларға байқаудың маңыздылығы туралы айттып, болашақта қала көлемінде өтетін жарыстарда біздің мектеп командасы биіктен көріне берулеріне тілектерін білдірді.

Байқаудың нәтижесі бойынша ІІІ орынға ие болған  8 Ә сынып командасы, ІІ орынға 8 Ә, 9Ә сынып командалары және І орынға 9А сынып командасы ие болды.

         

    

     


Орындаған: Жанайдарова Ж. Х. 

 

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено