«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»

10.02.2016

2016 жылдың 10-ақпан күні Астана қаласы №58 мектеп-гимназияда өзін-өзі тану пәні бойынша «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндікте пән мұғалімі А.К. Сарина 9 «А» сыныбымен оқушылардың әдеп негіздері туралы түсінік беру мақсатында «Әдептен озбайық» атты ашық сабақ өткізді.
         Ашық сабақ барысында сынып оқушыларымен тыныштық сәті ұйымдастырылып, үй тапсырмасын еске түсіріп жаңа сабақпен байланыстырды. Оқушылар әдептілік туралы әңгіме жүргізіліп, топтық жұмыс жүргізілді, әр топ тапсырмаларын сахналық көрініс түрінде көрсетті.
         «Үлкенге құрмет көрсету» атты бейне көрініс көрсетіліп, үнемі әдептілікті сақтап жүрейік деген тәрбиелік қағида айтылды. «Жақсы мен жаман» ойыны қызықты ұйымдастырылып, топпен «Қыз сыны» әні орындалды. Үйге тапсырма беріліп, тыныштық сәтімен сабақ аяқталды. Қорыта айтқанда оқушылар сабаққа қызығушылықпен белсенді қатысып, өз пікірлерін білдіріп, сабақ жоғары деңгейде жүргізіліп, өз мақсатына жетті.







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено