ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
19.02.2016
2016 жылдың 18 ақпан айында Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығы мен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған қалалық Жамбыл оқуларында «Тыңда, дала, Жамбылды» атты ақын өлеңдерін жатқа оқу номинациясы бойынша №24 орта мектептің 8 «Ә» сынып оқушысы Қонысбай Абылай БАС ЖҮЛДЕ жеңіп алды.
Жетекшісі - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жаңабек Дана Әкімжанқызы.
Мектеп ұжымы дарынды оқушысын мақтан тұтып, бұдан да биік белестерді бағындыратынына көз жеткізіп, шын жүректен құттықтайды.


Community discussions
Обсуждений не найдено
