Салт-дәстүрім - таусылмайтын байлығым

10.02.2016

Салт-дәстүрім - таусылмайтын байлығым

2016 жылдың 8 ақпанында  5 «Г»,  10 «А»,  6 «Г» сыныптары  мектеп ассамблеясында «Салт-дәстүрім-таусылмайтын байлығым» тақырыбында өз өнер көрсетті.

«Тұсау кесу» бала тәй- тәй басқанда жасалатын думанды дәстүр, осы дәстүрмен 5 «Г» сынып  оқушыларыассамблеямыздың шымылдығын ашып берді.

Оқушылар салт-дәстүрге байланысты тақпақ айтып, әндер шырқап, «Қара жорға» биін биледі.

10 «А» сынып оқушылары «Бесікке салу», «Айтыс», «Сырға салу» дәстүрлерін көрсетіп, зор қошеметке бөленді. Салт-дәстүр туралы  видеоролик көрсетіп, Алмабаева Алтынай өзінің «Асыл әжем» әуезді әнмен кешімізді аяқтады.

6 «Г» сынып оқушылары салт-дәстүргебайланысты әдемі өлең жолдарын оқып, мың бұралған қазақ биімен, «Балбырауын» күйін ойнап кешімізді аяқтады.







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено