Ашық есік күні
10.02.2016Ата-аналармен өзара қарым-қатынас орнату барысында, балабақшада 2016 жылдың 28 қаңтарда «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті. Бұл шараға 17 ата-ана қатысты. Ата-аналар бір күндік балалардың өмірімен танысты. Алдымен таңертеңгі жаттығуларды көріп, содан кейін балабақша бойынша (барлық топтарға, музыка залына, мейірбике, есепші, әдіскер, меңгеруші, кір жуатын бөлме, шаруашылық меңгерушісі, асханаға) саяхатқа шықты. Сонымен қатар, ата-аналар топтардың ашық оқу іс-әрекеттерін тамашалады. Тәрбиешілер А.Оспанбекова «Ғажайып математика», Д.Баймағамбетова «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналау және Г.Ағыбаева «Қыс қызығы» тақырыбында оқу іс-әрекеттерді көрсетті. Сабақтардан кейін, ата-аналар балалардың концертін тамашалады.
Ата-аналар балабақша ұжымына ризашылдықтарын білдіріп, өз пікірлерін жазбаша түрде қалдырды.
Қорыта келгенде, отбасы мен балабақшаның сабақтастығының арқасында көптеген жұмыстар атқарылып, жақсы деген көрсеткішке жеттік.
Community discussions
Обсуждений не найдено