Өзін - өзі тану "Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндік
09.02.2016Астана қаласының №58 мектеп-гимназиясында 02-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өтуде. Онкүндіктің мақсаты: өзін-өзі тану пәні арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды игеру, өзінің өмірлік айқындамасын анықтау, өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау, қамқор болуға тәрбиелеу.
2 ақпанда Өзін-өзі тану бірлестігінің жетекшісі А.С.Жандилдина және жоғарғы сыныптардың пән мұғалімі А.К.Сарина ұйымдастыруымен бастауыш сыныптар мен жоғарғы сыныптар арасында апталықтың ашылуы өтті. Апталықтың ашылуында
10 күндік іс шара жоспары таныстырылды. С.А.Назарбаеваның 75 жас туылған күнін айта отырып жасаған ізгі істері, өмірі туралы айтылды. «Төленің Әнет бабаға баруы» көрініс қойылымы көрсетілді. Жалпыадамзаттық құндылықтарды ашатын өлеңдер оқылды. Оркестірдің ұйымдастыруымен халық күйі «Тепенкөк» орындалды. 3 «Г» сынып оқушысы Жұмахметов Рахат «Сара апама» арнау өлеңін мәнерлеп оқыды.
3 ақпанда мектеп кітапханашысыС.М Айтмаганбетова Рухани - адамгершілік бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қызметі туралы «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. 2002жылы еліміздің бірінші ханымы Сара Назарбаева өсіп келе жатқан ұрпақты адамгершілік – рухани тұрғыда дамуы бойынша «Өзін-өзі тану» атты кең ауқымды білім беру бағдарламасын ұсынғандығы жөнінде айтылды.
4 ақпанда 5-8 сыныптар арасында А.К Саринаның ұйымдастыруымен «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыс басталмас бұрын, мектебіміздегі өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі А.К Сарина «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы жайлы мәліметтермен таныстырып, осы тақырыпты терең аша түсу мақсатында бейне-баян көрсетті.
Сайысқа қатысқан оқушылар Ы. Алтынсариннің, Т. Айдарбековтың, М.Мақатаевтің, М. Дулатовтың, А. Дүйсенбиевтің өлеңдерін нақышына келтіріп, тыңдаушысының жүрегіне жеткізе оқыды. Сайыс барысында директордың ғылыми әдістемелік жұмыстарының орынбасары Б.С.Қожахметова оқушыларға Өзін-өзі» тану пәнінің оқушы өміріндегі маңызы жайлы әңгімелеп берді.
Сайыс қорытындысы бойынша, 6 «Б»сынып оқушысы Рахымбетов Айбекке өзінің шығарған өлеңін өте жоғарғы деңгейде оқығаны үшін І орын берілді. ІІ орынды 7 «А» сынып оқушысы Дәрібек Әділет М.Мақатаевтің «Шеше сен бақыттысың, жыламағың!» өлеңін мәнерлі оқып, шығарма тереңіне үңіле білгені үшін иеленді. 8 «Б» сынып оқушысы Мырзабек Інжу Т. Айдарбековтың «Ана» өлеңін оқып ІІІ орынды иеленді.

Community discussions
Обсуждений не найдено