«Халқын сүйген, салтын сүйген»

03.02.2016

    29 қаңтар күні Г.Кайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында 6 «А», 6 «ә» сынып оқушылары арасында «Халқын сүйген, салтын сүйген» атты ашық сабақ тәрбие сағаты өтті.Сабақта балалар қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері туралы көріністер көрсетті.«Жастар біздің болашағымыз» дейтін болсақ, сол жастарымызды ұлтын сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр. Сабақ үрдісінде оқушыларға тұрмыстық тәрбиеге байланысты салт-дәстүрлер, сөйлеу әдебі және киім кию тәрбиесі, ұлттық тәрбиедегі еңбек тәрбиесінің орны, қазақ халқының озық мәдениет үлгілері мен олардың тәрбиелік мәні сияқты ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп көрсете білді.Осы тәрбие сағатын қортындылай отырып мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кампитова С.А өз ой-пікірін білдірді: «Салт-дәстүрін білмеген халықтың болашағы бұлынғыр, мемлекеті әлсіз болса, ұлттық тілін, дінін, салт-дәстүрін сақтаған халық болашағы жарқын, тұғыры биік ел болары анық.»

     

  



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено