«Білім алушылардың психологиялық денсаулығын нығайтуда түзете – дамыту сабақтарының тиімділігі»

27.01.2016

     2016 жылы 27 – қаңтар күні №37 орта мектеп базасында «Білім алушылардың психологиялық денсаулығын нығайтуда түзете – дамыту сабақтарының тиімділігі» тақырыбында семинар өтті. Мақсаты: білім алушылардың психологиялық денсаулығын арттыруда практикалық сабақтар арқылы түзете – дамыту жұмыстарының тиімділігін көрсету, жас маман мұғалімдерге психологиялық көмек беру. Семинар жұмыстарына психологиялық қызмет кабинетінің  психологі Ахметова Асият Бапановна  және қала мектептерінің психологтары қатысты. Семинар жұмысын №37 орта мектеп директоры Ахмет Базыл Әлдешұлы және директорының ғылыми – әдістеме істері жөніндегі орынбасары Алибекова Гульден Зияшевна ашып берді.

     Ұйымдастыру кезеңінде №37 орта мектеп психологі Нурмаханова Салтанат Бекниязовна  және «Дарын» мамандандырылған лицей психологі Танисбекова Айдана Кусаиновна  семинар қатысушыларымен жаттығу жүргізді. Жаттығу барысында қатысушылар бір – бірлеріне алдағы семинар жұмыстарына сәттілік тіледі.

     Семинар жұмысының бағдарламасына сәйкес №37 орта мектеп психорлогі Нурмаханова С.Б. 3 «ә» сыныбымен «Өзгені – өзіңдей түсініп көр» тақырыбында тренинг жүргізді. Жүргізуші тренинг барысында оқушылармен «Егіздер», «Мен өзгені түсіне аламын», «Нағыз дос» тапсырмаларын орындату арқылы оқушылардың дос туралы ұғымдарын кеңейтіп, бір – біріне көмектесу, жанашырлық сияқты адамгершілік қасиеттерін дамыта білді.

     Семинар жұмысының үшінші кезеңінде «Дарын» мамандандырылған лицей психологі Танисбекова А.К. педагогикалық ұжым және қала мектептерінің психологтарымен «Сабақ үрдісінде психологиялық әдіс – тәсілдерді қолданудың тиімділігі» тақырыбында панорамалық сабақ жүргізді. Психолог қатысушыларға сабақ үрдісінде қолдануға болатын психологиядағы диагностика, тренинг жаттығуларын көрсетті. Қатысушылар психологиялық ахуал туғызып қана қоймай тақырыпты жеңіл түсінуге мүмкіндік беретінін түсінді және оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін зерттеудің диагностикасын үйренді.

    Семинар соңында жүргізілген сабақтар қорытындыланып, талдау жүргізілді



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено