Шахмат - ақыл-ой мектебі

04.02.2016

Шахмат-ғылыми  ақыл-ой және халық  шығармашылығының негізінде  пайда  болған ең танымды да, қызықты спорт ойыны. Шахмат  адамды  жылдам  ойлауға, шешім  қабылдауға және логиканы  дамытуға  тәрбиелейтін   құрал  болғандықтан  мектебімізде   шахмат үйірмесі   жұмыс жасайды.  Үйірмеге 50 оқушы  қатысады.  Жаттықтырушы  Ырысбай Абдужаппаровтың  ұйымдастыруымен  ақпан айының  3- күні    1-сынып  оқушыларының  арасында  сайыс  өтті. Сайысқа  14 оқушы қатысты.  Сайыс өте қызықты өтіп, жанкүйерлерін  қуантты.

Сайыс қорытындысы бойынша:

        1-орын - 1«В»сынып  оқушысы  Калиев И.

         2-орын - 1 «Г»сынып оқушысы  Пралиева А.

         3-орын - 1 «Г»сынып оқушысы  Марат Ұ.

Үйірмеге  1 «Г»  сыныбынан  9 оқушының  қатысқаны қуантты. Жетекшісі А.Ж.Бижигитоваға  мектеп әкімшілігі  алғыс білдіреді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено