Сабақ уақытында қиын жағдай және одан шығу жолдары

03.02.2016

Астана қаласы №58 мектеп-гимназияда2016 жылдың 29 қаңтар күні «Жас мамандар мектебі» отырысы ұйымдастырылып, «Сабақ уақытында қиын жағдай және одан шығу жолдары» тақырыбында дискуссия өткізілді. Директордың ғылыми әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Б.С.Кожахметова жас мамандардың көкейінде жүрген сұрақтарға нақты жауаптарын ұсынып, кеңестер берді, ал жас мамандар тәлімгері К.А.Исмагулова сабақ жүргізу кезіндегі педагогикалық іс-әрекетте кездесетін қиындықтар мен педагогтар, оқушылар арасында туындайтын келіспеушіліктер және оны шешу жолдары туралы сөз етті, жас мамандар тарапынан туындаған мәселенің тиімділігі және тиімсіздігі туралы айтылып, өзара пікір алмасты. Сонымен қатар, жас мамандар дарынды бала және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізілу жолдары туралы көбірек сұрақтар қойып, жауаптарын алды.
         Мектеп-гимназия педагог-психологы Ж.Қ.Дүйсебаева «Қиындықтарды шешудің сыры» тақырыбында мысалдар келтіріп, педагогикалық және психологиялық ситуациялардан шығу жолдарын жас мамандармен бірге талқылады.





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено