Ел тәуелсіздігіне үлес қосқан аяулы қазақ қыздары

03.02.2016

Бүгін мектебімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай "Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндіктің аясында "Ел тәуелсіздігіне үлес қосқан аяулы қазақ қыздары" деген тақырыпта тәрбиелік іс-шара өтті. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі әрі "Қызғалдақ" қыздар клубының жетекшісі Есенбаева Роза Түзелбайқызы ұйымдастырған бұл шара Ұлы Тұран жерін жаудан қорғаған Сақ патшайымы Тұмардан бастап күні кешегі Желтоқсан оқиғасының батырлары атанған Ләззат Асанова мен Сәбира Мұхаметжановаға дейінгі аралықтағы қазақтың қайсар қыздарын, ардақты аналарын көрсетті. Елі үшін ерлермен қатар жау шебінде шайқасқан әпкелеріміздің ерліктерін насихаттады. Тағылымы мол тәрбиелік іс-шараның соңында мектеп директоры Шәріпхан Қажытайұлы өнер көрсеткен оқушылар мен "Қызғалдақ" қыздар клубына алғысын білдірді!

 

 

 

 

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Шабкенова С.Ж.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено