Құқық бұзушылықтың алдын алу іс-шарасы өтті

20.01.2016

    Мектебімізге құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында 2016 жылдың 20 қаңтарында 9 «А», 9 «Ә» сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігінің қызметкері Абдырахманов С.Р. келіп жасөспірімдерге өз тәжірибесіндегі жағдайлармен және қылмыс жасаған жағдайда қандай жазаға алынатындықтары туралы ерекше ескертіп айтты. Және ол қазыргі болып жатқан жасөспірімдер арасындағы қылмыстар мен бір-бірлеріне көрсететін зорлық-зомбылықтары және олардың жазалануы қандай жағдайда жүретіні туралы, жасөспірімдерге күш көрсету, бопсалау болған жағдайда жасырмай ашығын айтулары туралы ерекше ескертіп кетті.
      Бұл оқушыларымызды өте қатты қызықтырып, олардың қойған сұрақтарына ашық және толық жауап қайтарды. Абдырахманов С.Р. оларға өз мамандығы туралы өз сыры мен тәжірибесімен бөлісті, әсіресе ұлдарға ол қызықты болып, білгісі келген сұрақтарына жауап тапты. Өзінің бітірген оқу орны мен өміріндегі өз тәжірибесімен таныстырып, оқушыларымыздың сол мамандыққа түскілері келгендіктері соншалықты сұрақтары да көп болды. Абдырахманов С.Р. әр оқушының сұрақтарына толығымен жауап қайтарды.







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено