Астана қаласы №59 мектеп – лицейінде физика, математика және информатика әдістемелік бірлестігінің онкүндігін
27.01.2016Қаңтардың 18 күні мектепте математика, физика және информатика пәндерінің онкүндігі басталды. Онкүндіктің тақырыбы: «Білімді ұрпақ – мемлекіміздің өркендеуінің кепілі».
Мақсаты: Оқушыларды пәнге қызықтыру және шығармашылығын дамыту
Дүйсенбі күні үлкен үзіліс кезінде онкүндіктің ашылу рәсімі өтті. Онда онкүндікте өкізілетін іс- шаралар туралы қысқа ақпарат беріліп, оқушылар дайындап келген қойылымдар өтті.
19 қаңтардан бастап ашық сабақтар өткізіле бастады. 19.01 күні 11 «а» сыныбында «Атом құрылысы. Ядроның нуклондық моделі» тақырыбында физика пәнінің мұғалімі Монтахаев Ә.Т. және 9 «в» сыныбында қазақ тілімен кіріктірілген «Прогрессиялар» тақырыбымен жалпылама алгебра сабағы өтті. Бұл сабақтың ерекшелігі – мұғалім Аймышева Ф.К. оқушыларға қазақ халқының әшекей бұйымдары туралы қызықты есептер шығартып, арасында қазақ тілінің мұғалімі Ахметжанова А.Т. осы әшекейлер туралы ақпарат берді. Сабаққа қатысқан мұғалімдер де оқушылар да өз халқының мәдени мұрасы туралы білімдерін толықтырды.
![]() |
![]() |
20 қаңтар күні 10 «а» сыныбында «Түзу мен жазқтық арасындағы бұрыш» тақырыбымен геометрия пәнінен(мұғалім Намысова Б.Е.) және «Бұрыш пен доғаның градустық және радиандық өлшемі» тақырыбымен 9 «ә» сыныбында алгебрадан (мұғалім Уалкенова К.К.) ашық сабақтар өтті. Сабақтар өте қызықты және жоғары деңгейде, қазіргі заман талабына сай, жаңа әдәс – тәсіл қолданылып мазмұнды өтті.
![]() |
![]() |
21 қаңтар күні математика пәнінің жоғары санатты білікті мұғалім Мүлікбаева Қ.М. 10 «б» сыныбында алгебра пәнінен ашық сабақ өткізді.: «Туындының геометриялық және физикалық мағынасы» тақырыбымен өткізілген сабақта сынып оқушылары зерттеушілік тәсілді қолдана отырып тақырыпты өз бетімен оқы, меңгерді. Бұл сынып оқушылары жоғары мотивациялы, және кембридж тәсілімен деңгейлік жұмыс жасап дағдыланған, сондықтан, сабақ басында қойылған мақсатты орындау нәтижесін сабақ соңында талдап, өзін - өзі бағалады. Пән мұғалімі оқушыларға қойылған мақсатты орындауға тек бағыт қана сілтеп, қалған жұмысты оқушылар топпен отырып өздері жасады.
21 қантар орта буында 5 сыныптар арасында математика пәнінің мұғалімі Изеева Б. Ж. «Математикалық сайыс» өткізді. 5 ссынып оқушылар сайысқа белсенді араласа отырып, өздерінің білімі мен шапшаңдығын көрсетті. Дайындалған сайыс түрлері мультимедиялық құралдар арқылы өте тартымды тәсілдермен ұсынылды. Топпен жарысқан оқушылар арасынан 5 «ә» сыныбы алға шығып, ұйымшылдығы мен шапшаңдығын көрсете білді. Осындай жарыс 6 қазақ
сыныптарының арасында 23 қаңтарда өтті. Бұл сайыстың тапсырмалары логикалық ойлауға, тез есептеуге және қолданбалық сипаттағы өмірде кездесетін есептерге арналды.
22 қаңтар күні 8 «а» сыныбында геометриядан «Пифагор теоремасы» тақырыбымен ашық сабақ өтті. Сабақты өткізген математика пәнінің мұғалімі Кемелбаева Р.У. Сабақта оқушылар әр түрлі оқу тәсілдерімен айналысты: топпе жұмыс, жеке жұмыс, шығармашылық жұмыс, есептер шығару. Сабақ өте мазмұнды және тартымды болып өтті. Оқушылар Пифагордың өмірі мен шығармашылық тарихымен таныса отырып, Пифагор теоремасының қолданбалық сипаты туралы қызықты мәліметтермен танысып, ой – өрісін кеңейтті. Бұл күні 10 орыс сыныптарының оқушыларының арасында «Физиктер, алға!» деген тақырыппен кокурс өтті. Бұл конкурс оқушылардың физикалық дүниетанымдық білімдерін, білімдерінің қолданылу саласы туралы түсінік деңгейлерін көрсетті. Конкурсты ұйымдастырушы физика пәнінің мұғалімі Исаева А.Б. қызықты сайыстар дайындау арқылы оқушыларға физика пәнінің өмірмен байланысын қызықты көрсете білді.
![]() |
![]() |
23 қаңтар күні мектебіміздің тәжірибелі математигі Балтабаев А.К. жоғарғы сынып оқушыларына арнап олимпиадалық есептер шығару тәсілдеріне арналған мастер - класс өткізді. Математика мұғалімдері арасында өтетін қалалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы Абай Кеңесович алдымен әр түрлі олимпиадалық есептерге тоқтала отырып, олардың тиімді шешімдерімен таныстырып өтті. Тыңдарған оқушылар сұрақ қойып, қызыққандықтарын танытты. Балтабаев А.К. өзінің көпжылдық тәжірибесіне сүйене отырып, олимпиадалық есептердің түрлерімен таныстырып өтті де, оқушыларға кейбірелерін шешуді ұсынды. Іс – шара өте тартымды және терең мазмұнды өтті. Алдағы уақытта осындай тәжірибе алмасу шараларын жалғастырып, мұғалімдерге әдістемелік көмек ұйымдастыру шешімі қабалданды.
![]() |
![]() |
Community discussions
Обсуждений не найдено
.bmp)
.bmp)
.bmp)
.bmp)
.bmp)
.bmp)
.bmp)
.bmp)