"Білікті, бәсекеге қабілетті адами ресурстар" видеоғаламтор конференциясына қатыстық
23.12.20152 ТРА-114 тобының студенттері 2015 жылдың 9-10 желтоқсаны Шальжанова Жанеля мен Айтпаева Анара оқытушы Бейсембина Р.Н. жетекшілігімен "Білікті, бәсекеге қабілетті адами ресурстар" тақырыбында өткен Республикалық ғылыми-тәжірибелік видеоғаламтор конференциясына қатысты.
Бұл конференция Қазақстанда техникалық және кәсіптік жүйенің құрылуына 75 жыл мерейтойына, "Техникалық және кәсіптік білім беру және біліктілік беруді дамыту Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" акционерлік қоғамының 10 жылдың мерейтойына арналған.
Конференцияда 7 секция жұмыс істеді және біздің студенттер ғылыми зерттеулері мен әзірлемелерімен 7-ші секцияға қатысты. Шальжанова Жанеля "Тұқымқуалаушылықтағы ядроның басым рөлі" және Айтпаева Анара "Кальцийдің адам организміндегі рөлі" тақырыптарын қорғады.
Студенттер сертификаттармен марапатталды.
Community discussions
Обсуждений не найдено