«Зағип және көру қабілеті нашар балалардың жеке тұлғасын әлеуметтендіру» атты қалалық семинар
02.12.201527 қараша мектебіміздің коррекциялық сыныптарында «Зағип және көру қабілеті нашар балалардың жеке тұлғасын әлеуметтендіру» атты қалалық семинар өтті. Семинар мынадай мақсат көздеді: зағип және көру қабілеті нашар балалардың тәрбиесі мен оқыту туралы білім жүйесін қалыптастыру. Міндеттері: а) Тифлопедагогиканың жалпы мәселесі бойынша білім жүйесін қалыптастыру. ә) Көру қабілеті бұзылған балалардың психологиялық–педагогикалық ерекшеліктері туралы толық мәлімет беру. Семинарға Білім басқармасының инклюзивті білім беру жөніндегі әдіскері Камашева Г.Т., қала мектептерінен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, дефектологтар, мұғалімдер, №1 ПМПК–ның меңгерушісі Ташмакова С.М. қатысты. Аталмыш семинар бағдарламасы екі бөлімнен тұрды: теориялық бөлім мен практикалық бөлім. Алдымен семинарға қатысушыларға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Даржанова М.Х. алғысөз айтты. Осыдан соң Білім басқармасының инклюзивті білім беру жөніндегі әдіскері Г.Т.Камашеваның алғысөзі тыңдалды. «Үйде жеке оқытуды ұйымдастыру» атты тақырыптағы баяндаманы №1 ПМПК-ның меңгерушісі Ташмакова С.М. оқып таныстырды. Сания Маратқызы қатысушылардың қойған сұрақтарына да жауап берді. Сондай–ақ тифлопедагогтар Медведева З.Г., Керимова Ж.К., Мағауина К.К., логопед Жолдаяқова А.Е., Республикалық «Зерде» ғылыми жобасының жүлдегері 9«В» сынып оқушысы Ташенова А. өз баяндамаларын қатысушылар назарына ұсынды.
Практикалық бөлімде коррекциялық сыныптарда ашық сабақтар өтті. Биыл ашылған зағип балалар оқитын 0«К» сыныбында «Математика» пәнінен «Геометриялық фигура–шаршы» тақырыбында Керимова Ж.К., коррекциялық сыныптарда биылғы оқу жылында қосымша пән болып қосылған «Қалдық көру қабілетін және көру арқылы қабылдауын сақтау және дамыту» пәнінен «Менің ақылды досым–дөңгелек» тақырыбында Мағауина К.К. ашық сабақтар өтті. Ал БжС технологиясын пайдаланған 3«К» сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен Н.Н. Носовтың «Фантазер» шығармасы бойынша Н.С.Абдулкахарованың және 4«Қ» сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен Б.Тоғысбайұлының «Ақан сері» шығармасы бойынша Г.Қ Беркімбаеваның сабақтары жоғары деңгейде өтті. ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттыру деңгейлі бағдарламалары аясында деңгей бағдарламасы бойынша оқыту курсын бітіргендер Қарабалаұлы Қ. 7«Қ» сыныпта «Қолөнер мен сауданың дамуы» тақырыбында тарихтан, ал 9«К» сыныпта географиядан Е.Б. Ареновтың өткізген «Түсті металдар» тақырыбында сабақтары барысында оқушылар сындарлы ойлап, нақты шешімдер қабылдай алатындықтары анықталды. Оқушылар бірлескен оқытудың тиімділігін көрсете білді. Бірін–бірі тыңдап, пікірлерін ортаға сала алды. Сабақ жақсы жоспарланған, сондықтан өте жоғары деңгейде өтті. Семинар соңында қатысушылармен кері байланыс болды. Соңында коррекциялық сынып оқушыларының ұйымдастырумен «Бір шаңырақ астында» атты концерт өтті.
Community discussions
Обсуждений не найдено
