Құттықтаймыз!
22.12.2015
Астана қаласы орта мектептері арасында өткен қалалық «Жарқын өмір сүр» атты театрландырған балалар байқауында ІІ орын жеңіп алған драма үйірмесінің мүшелерін және жетекшісі Ибраев Болат Қалыбекұлын мектеп әкімшілігі шын жүректен құттықтайды.
Мектеп мәртебесін арттырып, жұлдыздарыңыз жана берсін!
Астана қаласы орта мектептерінің арасында өткен қалалық «Жарқын өмір сүр» атты театрландырылған балалар байқауында «Үздік қыз бала» номинациясын жеңіп алған 8 «Б» сынып оқушысы Темешова Диананы шын жүректен құттықтаймыз!
Өнерің өрге жүзе берсін!
Астана қаласы орта мектептерінің арасында өткен қалалық «Жарқын өмір сүр» атты театрландырылған балалар байқауында «Үздік жағымсыз кейіпкер» номинациясымен марапатталған 8 «Г» сынып оқушысы Ержұманов Русланды шын жүректен құттықтаймыз
Шығармашылығың арта берсін!
Community discussions
Обсуждений не найдено
