«Тәуелсіздік күні» қарсаңында кешенімізде салтанатты жиын болды.

15.12.2015

«Тәуелсіздік күні» қарсаңында   кешенімізде салтанатты жиын болды.
Кешеніміздің кітапханашысы Дина Мадиярқызы елбасының жолдауымен таныстырып өтті, Кәсіп одақ төрайымы Қаракөз Андиевна құттықтау сөздер айтып кешеніміздің 1-сынып мұғалімі Бекмагамбетова Г.Т және тәрбиеші көмекшісі Цикала Л.П кәсіп одақ ұйымының алғыс хатымен марапатталды.
Кешен директоры Алмагүл Тілектесқызы кешен қызметкерлерін тәуелсіздігіміздің 24 жылдығымен құттықтап, кешеніміз туралы қысқа фильм көрсетілді, және кешенде жарияланған «Ең үздік топ» және «Ең үздік кабинет» сайысының жүлдегерлерін марапаттап,музыкалық центр сыйға берілді.
Жүлдеге ие болғандар: «Ең үздік топ» иегері «Ақбота» тобы, тәрбиеші Төребекова Динара Асқарқызы.
«Ең үздік кабинет» иегері № 2 кабинет, сынып жетекшісі Рахметова Назгүл Ермекқызы.
Кешенімізде осындай мерекелермен сайыстар жалғасуда.






 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено