Мектебімізде «Тәуелсіздік – азаттықтың ақ таңы» атты іс-шара өтті

15.12.2015

   Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман-есен өтіп келеміз. Тәуелсіздік күні еліміз үшін орны ерекше мереке, себебі қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Осынау қастерлі ұғымды оқушылар санасына сіңіріп, қалыптастыру мақсатында мектебімізде «Тәуелсіздік – азаттықтың ақ таңы» атты іс-шара өтті. Шараны мектеп басшысы Базаркүл Сағындыққызы құттықтау сөзбен бастап, мектеп ұжымын айтулы мерекемен құттықтап өтті. Ресми іс-шараның соңы өнерпаз оқушылардың концертімен жалғасты.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено