Тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік, Егемендік күні мерекесіне орай мектебімізде «Нұр Отан» Жастар қанатымен бірлескен қазақтың біртуар азаматы, әнші, жыршы, қоғам қайраткері Бекболат Тілеухановпен кездесу өтілді
11.12.2015Тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік, Егемендік күні мерекесіне орай мектебімізде «Нұр Отан» Жастар қанатымен бірлескен қазақтың біртуар азаматы, әнші, жыршы, қоғам қайраткері Бекболат Тілеухановпен кездесу өтілді.
Кездесу барысында Б.Тілеуханов көк Туын желбіреткен, Әнұранын шырқатқан Қазақстан елінің жасампаздығы туралы әңгімеледі. Оқушыларды тәуелсіз еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлға болуға шақыратын өнегелі сөздер айтты. Жыршы Бекболат Қанайұлы бабалар толғауынан шашу шашты.
Кездесу кешін шәкірті Ибрагим Ескендір жастар рухын көтеретін «Көк тудың желбірегені» әнімен тәмамдады.




Community discussions
Обсуждений не найдено
