Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
08.12.2015 Астана қаласы Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында7- 8 желтоқсанда ұстаздар мен 10-11 сынып оқушыларының арасында«ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» тақырыбында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауымен таныстырылды.
Жолдаумен қоғамдық пәндер бірлестігінің ұстаздары:Қуанбаев С.Д, Дүйсенбекова С.Ш. таныстырды. Жолдауға 175 мұғалім, 98 оқушы қатысты.
Құрметті ұстаздар мен әріптестер:
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы2015 жылғы 30 қараша жолданғандығы өздеріңізге белгілі.
Қазақ халқы үшін азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл – Тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт болып тұр. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді.Осыған байланысты Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы керек, уақыт талабына бейімделе алатын жоспар керек. Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырамыз. Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Біз бұл мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Community discussions
Обсуждений не найдено
