«Отанымды сүйемін» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.

24.11.2015

2015-2016  оқу жылының 19-21 қарашада, 1-4 сыныптар арасында, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Отанымды сүйемін» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты:  Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.

 

Міндеттері:

  1. Отан алдындағы парыз туралы  түсініктерін ашу;
  2. Отанға деген риясыз  сүйіспеншілігін, мақтанышын арттыру;
  3.  Отанын сүюге, патроиттыққа тәрбиелеу.

 

1-4 сыныптар арасында, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Отанымды сүйемін» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.Сурет көрмесіне оқушылар бар ынтасымен қатысып, мүмкіндіктерінше тақырыпты қамтуға тырысқан.Көрмені көруге жиналған оқушыларға Отанды сүю,өнерді құрмет тұту,еліміздің дарынды суретшілерінің еліне,Отанына арнап салған суреттерін  насихаттау жайлы мұғалім бір-екі ауыз сөз айта кетті.






Оқушылардың  тақырыпқа сай,гуащпен,  түрлі түсті бояумен  салынған суреттері тақырыпты толығымен қамтыған. Оқушылардың салып әкелген суреттерінен  2-қабаттың  холлында  сурет  көрмесі  ұйымдастырылды. Суреттері магнитты тақтаға,холлдың қабырғаларына  ілініп   қойылды.


Тақырыпқа,талапқа  сай,әдемі салынған суреттердің иелері мақтау қағазымен марапатталды.\





Сурет көрмесін ұйымдастырушы:  Жандарбек А.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено