ҚР Тұңғыш президенті күніне арналған «ЕлінсүйгенЕлбасы» және Республикалық бірыңғай «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті.

03.12.2015

03.12.15ж №71 мектеп-лицей қабырғасында ҚР Тұңғыш президенті күніне арналған «ЕлінсүйгенЕлбасы» және Республикалық бірыңғай «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті. Балалар ұйымы баланың әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуына, оның белсенді азаматтық ұстанымына, адамгершілік және рухани тұрғыда дамуына, ар-ожданының қалыптасуына, саяси және құқықтық мәдениетке баулуға, өзіндік танымы мен азаматтық белсенділігін танытуға ерекше
ықпал етеді.Балалар ұйымы мүшелігіне қосылғаннан кейін қоғам өміріне
белсене араласады, өзінің жас ерекшелігіне қарай қоғамдық қозғалыстарға
қатысады, өздерін тұлға ретінде таныта алады. Өзінің қабілет- қарымын
таразылап, үлкендер өміріне араласуға мүмкіндік алады.
«Жас қыран» ұйымынабарлығы 2-4 сыныптара аралығынан үздік оқитын
78 оқушы қабылданды. Әр сынып оқушылары туған жерін, елін, салт-дәстүрін, тарихын, ана тілін қастерлеуге, парасатты, білімді, қайратты, инабатты, нағыз азамат болуға ант берді.
Мектеп директоры Аубакирова Шынар Айдарханқызы жас жеткіншектерді құттықтап, ел болашағы үшін ерінбей еңбек еткен ағаларындай білімді, қайтпас қайсар, адамгершілігі мол азамат болып өсулеріне тілектестігін білдірді.







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено