1желтоқсан Президент күні

02.12.2015

Ғ.Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында
1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне арналған
мерекелік іс-шара
           Іс-шараның негізгі мақсаты Елін сүйген Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге оқушыларды тәрбиелеу болды.     
Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытқан Елбасының кісілік келбеті туралы маңызды және қызықты мәліметтер айтылды.
Елбасының балалық кезі, Отбасы мүшелері, жастық шағынан деректі материалдар слайд-презентация арқылы көрсетілді.Тек саясаткер ретінде емес, жай қарапайым азамат ретінде ән сүйген, достарымен әзілдесетін, туған жеріне деген ыстық сезімі мол кісі екенін оқушылар  видео-ролик арқылы көрсетілді. Әсіресе сүйікті әндерін «Үш қоңыр», «Весна на Заречной улице», «Менің Қазақстаным»  оқушылардың орындауында ұсынылды.
Іс-шара өте тартымды, маңызды өтті. Қорытынды сөзді тәрбие бөлімінің меңгерушісі Кампитова С.А. және тарих пәнінің мұғалімі Қырықбаев Ж. бүгінгі белсене қатысқан оқушыларға алғыстарын және тәуелсіз елде бейбітшілік өмір сүріп  жүргенімізге Елбасының зор үлесі бар екенін ескертіп өтті.

        

        



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено