«Ұстаз-ұлы есім» атты қалалық сайыс

03.12.2015

Қарашаның 20-сы күні №74 мектеп –гимназиясында қалалық білім бөлімінің әдіскері Нұғман Ақмоншақ Нұртазақызының ұйымдастыруымен қала мектептеріндегі әдістеме бірлестігінің жетекшілері өзара озық педагогикалық іс-тәжірибелерін алмастыруға бағытталған «Ұстаз-ұлы есім» атты бастауыш сынып бірлестігі жетекшілерінің сайысы болып өтті. Сайыстың бірінші іріктеу кезеңінде жалпы 21 жетекші қатысып, әдістеме бірлестігінің портфолиосын тапсыру, эссе-шығармашылық жұмыстарын талдау кезінде жетекшілер іріктеліп, жоғары балл жинаған 10 мұғалім екінші кезеңге өткен болатын. Олардың қатарында №10 мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптар бойынша бірлестік жетекшісі Аширбекова Қымбат Серікқызы, №40 орта мектептің бастауыш сыныптар бойынша бірлестік жетекшісі Күнен Айгүл Темірғалиқызы, №49 орта мектептің бастауыш сыныптар бойынша бірлестік жетекшісі Өнербай Ұлжан Оразбайқызы, №52 мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптар бойынша бірлестік жетекшісі Алшынбаева Рахима Бегманқызы, №67 мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптар бойынша бірлестік жетекшісі Бекеева Түйме Қожақұлқызы, №69 мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптар бойынша бірлестік жетекшісі Теміртаева Қалдыгүл Мейрамбекқызы, №70 мектеп-лицейінің бастауыш сыныптар бойынша бірлестік жетекшісі Даулыбаева Гүлжазира Сүлейменқызы, №72 мектеп-лицейінің бастауыш сыныптар бойынша бірлестік жетекшісі Мусайпова Меруерт Тәкенқызы, №74 мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптар бойынша бірлестік жетекшісі Тұрсынова Ләззат Алдабергенқызы, №78 мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптар бойынша бірлестік жетекшісі Балмаханова Гүлжазира Құрманбекқызы болды.

Сайысқа түскен жетекшілер келесі шарттар арқылы сынақтан өтті: таныстыру, бірлестік отырысының үлгісін көрсету, бірлестік жетекшісі ретінде жеке тапсырмалар және ситуациялық сұрақтар. Сайыс қорытындысында І орынды №70 мектеп-лицейінің бірлестік жетекшісі Даулыбаева Гүлжазира Сүлейменқызы, иеленсе, ІІ орындарды №72 мектеп-лицейінің бірлестік жетекшісі Мусайпова Меруерт Тәкенқызы, №74 мектеп-гимназиясының бірлестік жетекшісі Тұрсынова Ләззат Алдабергенқызы, ІІІ орындарды №49 орта мектептің бірлестік жетекшісі Өнербай Ұлжан Оразбайқызы, №52 мектеп-гимназиясының бірлестік жетекшісі Алшынбаева Рахима Бегманқызы, №69 мектеп-гимназиясының бірлестік жетекшісі Теміртаева Қалдыгүл Мейрамбекқызы иеленді. Сонымен қатар ұстаздардың білімін де, білігін де назарға алып, қалған жетекшілер әртүрлі номинациялар бойынша марапатталды.








Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено