Химия пәні бойынша ашық сабақ өткізілді

13.11.2015

Химия пәнінің жоғарғы санатты оқытушысы Бейсембина Роза Накешовна қарашаның 11-де 2 ТРА-114 тобымен «Аминдер. Анилин – ароматтық аминдер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқытушы заманауи ақпараттық-коммуникациялық, жобалау, зерттеушілік технологияларын қолдана отырып, аминдердің химиялық қасиеттері, құрылысы мен  құрамын түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, түрлі әдіс-тәсілдер студенттердің өзіндік зерттеушілік жұмыстарында (тест жұмыстары, есептер шығару, аминнің атомдық моделі құрастыру) қолданды. Студенттер теориялық алған білімдерін практикалық жұмыстармен ұштастыра білді. Сабақ соңында ғұламалардың қанатты сөздерімен рефлексия жүргізілді. Сабақ өз деңгейінде өткізілді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено