«Күз- молшылық айы»
02.12.2015Табиғаттың төрт мезгілдік өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы, берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілін алатын орны ерекше. Адам баласына молшылық әкелетін күз мезгіліне «берекелі күз», «алтын күз» деп баға берген. Күзде егінді жинап болған ата – бабаларымыз сабантой жасап, күз мерекесін өткізген болған. Біздің де гимназияда «Күз- молшылық айы» деген тақырыпта күзгі мерекелік жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеге ұстаз – оқушы – ата – ана болып белсене қатысты. Оқушылар күзгі жеміс – жидек, көкөністерден түрлі қуыршақтар жасады. Қазақ және ағылшын тілінде күз туралы өлендерін оқып, жәрмеңкеге әкелген күзгі өнімдердің пайдасын айтып өтті. Күзгі жәрмеңкеде Бас жүлдені 1 «Ә» сыныбы, І орынды 3 «А», 4 «А» сыныптары, ІІ орынды 1 «А», 1 «Б» сыныптары, ІІІ орынды 2 «А», 2 «Ә» сыныптары иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Community discussions
Обсуждений не найдено
