ЖРВИ-дің алдын алу және корғалудың ең тиімді жолы
25.11.2015Астана қаласы №49 орта мектебінде 2015 жылдың 23 қазан күні № 3 емхананың дәрігерлерімен ЖРВИ-дің алдын алу және корғалудың ең тиімді жолы тақырыбы бойынша дәріс жүргізілді. Дәріске қатысқан 1-сынып оқушыларымен мұғалімдері.
Жедел респираторлық вирусты инфекциялардың қоздырғышы көптеген вирустар болып табылады. Инфекция көзі – ауру адам. Әсіресе алғашқы күндері ауру жұқпалылығы жоғары болады. Инфекция ауа – тамшы арқылы басым таралады .
Ауру қалтыраумен, жоғары температурамен, бас аурумен, көз шарасының ауруымен, жарықтан қорқумен сипатталады. 2-3 тәулікте түшкіру, мұрынның бітелуі, жөтел белгілері қосылады.
ЖРВИ және тұмау эпидемиясы кезінде :
-адамдар көп жиналатын жерлерге баруды шектеңіз.
-орын-жайды жиі желдетіп, тазалап отырыңыз.
-тағамға ақуызға бай азық-түлікті, пиязды, сарымсақты, жемістер мен көкөністерді пайдаланыңыз.




Community discussions
Обсуждений не найдено