Жас ұлан ұйымы бірлестігі бойынша Ұланбасы жұмысы
25.11.2015№ 55 орта мектеп ұланбасы Дүйсенова Малика республикалық ұланбасылар форумына қатысып өз білімін шыңдау арқылы әр сынып бойынша топ басшылар (староста) жиналысын өткізді. Онда топ басшылар жиналып, жоспар бойынша 2-тоқсанда болатын жұмыстары талқыланды. Сонымен қатар топ басшыларына біраз тапсырмалар беріліп, оның орындалуын Жас ұлан ұйымы төрайымдарына тапсырылды. Және де 1-тоқсан бойынша топ басшылар есеп берді.Тәлімгер Тулегенова Данар және мектеп ұланбасының ұйымдастыруымен 14-23 қараша аралығында өткізілген топ басшыларының журналдарын тексеру сайысын сырттай жүргізе отырып, аптаның дүйсенбі күні болатын сап түзеу жиынында "Ең үздік топ басшысы", "Үздік топ басшысы" номинациялары бойынша жұмыс істеген топ басшыларына мақтау қағаздарын табыстады. "Ең үздік топ басшы" номинациясы бойынша 8 "В" сынып оқушысы Османова Гузяль және 7 "Ә" сынып оқушысы Ахметжанова Айжан жеңіп алды. "Үздік топ басшысы" номинациясын 8 "Ә" сынып оқушысы Балгашева Риза және 6 "А" сынып оқушысы Жетпісова Гүлнұз, 9 "В" сынып оқушысы Садирбек Құдайберген жеңіп алды. Аталған оқушылар мектептің үздік белсенділер журналына тіркелді. Оқушыларымыздың атқарған жұмыстары сынып тазалығы, оқушы тазалығы, күнделігі, оқушы сырт келбеті, мектеп формасы,сабаққа қатысуы мен кешігуі.
Community discussions
Обсуждений не найдено
