№7 «Аққу» балабақшасымен мектептің бірлескен жұмысы

14.11.2015

            Қараша айының 12-13-ші жұлдызы күндері №7 балабақшаның мектепалды даярлық тобының балалары тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен мектепке топсеруен жасап, мектеп өмірімен танысты.

Іс-шараның мақсаты: балалардың мектепке қызығушылығын арттыру, психологиялық жағынан дайындау.

             Балабақша балаларын директордың бастауыш сынып бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары Абдикеримова Нурхан Саветқызы және педагог-ұйымдастырушы Кажуева Айсұлу Хайргелдіқызы қуанышпен қарсы алып, оқу бөлмелері, кітапхана, асхана, спорт залдарымен таныстырды.

Балалар сәнімен салтанаты жарасқан бастауыш сыныптардың балаларын, оқу бөлмелерін көріп қуанды, жақсы әсер алды. Кездесу сәтті өтті.

Игілікті істер өз жалғасын таба береді.





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено