«Нашақорлық, СПИД - өлімге апарар жол»

10.11.2015

2015 жылдың 9 қарашасында колледжде "Нашақорлық, СПИД - өлімге апарар жол" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Алдын ала нашақорлық пен СПИД туралы білімдерін тексеру мақсатында 1-3 курс студенттерімен сауалнама жүргізіліп, сауалнама нәтижесі өңделді. Алынған мәліметтер негізінде білім алушылардың танымдық қажеттіліктері анықталып, "СПИД" орталығы мен наркологиялық диспансерден мамандар шақырылды.
Колледж қонақтары, нарколог-дәрігер Койшибеков Тохтар Толеуханович  және "СПИД" орталығының педагогы Нурмагамбетова Ажар Талгатовна студенттерге бұл қандай дерт, одан қалай қорғануға болады деген сияқты сұрақтарға түсінікті де қызықты формада әңгімелеп берді. Осы іс-шара барысында жастар көптеген өздерін қызықт ырған сұрақтарға жауап алды. Әр студенттің талқылауға қатысып, мамандарға сұрақ қою мүмкіндігі болды. Қонақтардың баяндамалары барысында тақырып төңірегінде презентация, бейнероликтер көрсетіліп, рөлдік ойындар ойнатылды.
Осы қасіреті мол дерттердің Қазақстанның барлық өңірлерінде орын алуына байланысты, осы іс-шара барысында алған ақпараттар студенттерге өз өмірлері мен денсаулықтарын сақтауда көмек көрсетеді. "Сауатсыздығыңның арқасында өміріңді қима!" ұраны әр адам үшін шындық және норма болуы тиіс.




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено