Кинологиялық орталыққа саяхат
28.10.201527 қазан күні бастауыш сынып оқушыларымен мектеп инспекторы кинологиялық орталыққа саяхатқа шықты.Онда балалар үйретілген иттер түрлерімен таныс болды. Иттің 4 түрі яғни нашақор иісін сезетін, жарылғыш заттар таба білетін, із кесуші және одорологияға бағытталған. Арнайы дайындаушы маманның айтуынша ең қиыны итті осыларға үйрету, яғни ит алған иістен жаңылмауы керек. Мәселен, есірткі іздеуде ол қателесуі мүмкін. Ал одорологияға бағытталған ит қателеспеуі керек. Өйткені ол адам тағдыры екенін айтып түсіндірді. Балаларға тек кинодан көргені болмаса өмірде мұндай иттермен таныс болу қызық болды. Иіс сезгіш иттерді доп жасырып практика жүзінде байқап қайтты.
Community discussions
Обсуждений не найдено
