Сырласайық жеңеше...
27.10.2015Жақында «Қызғалдақ» қыздар клубының ұйымдастыруымен «Сырласайық жеңеше...» атты байқау өтті. Жеңгесі мен қайынсіңлісі қатар сыналған сайыстың «Кәне, таныс болайық» кезеңінде жүргізушілер жұптарды таныстырды. «Өнерпаз болсаң арқалан...» айналымында қатысушылар ән шырқап, өлең оқып, өнерлерін көрсетті. Оюмен ой айтқан ел екеніміз «Ата мұраң – асыл қазынаң» атты қолөнер жарысында тағы бір дәлелденді. «Зерделі болса жеңешем...» кезеңінде жеңгелерімізге түрлі жағдаяттық сауалдар қойылып, қызықты жауаптар алынды. «Еркеме айтар тілегім...» айналымында көрермендер тәрбиелік мәні зор көріністер тамашалады. Нәтежиесінде Абубакирова Нұргүл Мұратқызы «Озық ойлы, тапқыр жеңге», Оразбай Тұрғанай Нұрқасымқызы «Парасатты жеңге», Сеил Кәмшат Елтайқызы «Инабатты жеңге», Құрамысова Айгерім Төлеуқызы «Өнерлі жеңге», Тайбекова Жұлдыз Назарбекқызы «Әдемі жеңге», Қалиева Рауан Боранбайқызы «Сымбатты жеңге», Қабимолдина Ләйлә Еділқызы «Мәдениетті жеңге» деген аталымдармен марапатталды.
Өз тілшіміз
Community discussions
Обсуждений не найдено
