Салауатты өмір салты, денсаулық кепілі

06.10.2015

        Мектебімізде  денсаулық  күніне  орай  арнайы  жоспарға  сай  мәдени  іс  шаралар  ұйымдастырылды. Оқушыларға  адам  денсаулығының  қымбаттылығын  өмір  сүру  үшін  қажеттілігін  бағалы  байлық  екендігін  түсіндіру  басты  бағыт  болды.  Дене  шынықтыру  мұғалімдерінің  қатысуымен 05.09.2015 ж  «Салауатты  өмір  салты,  денсаулық  кепілі»  атты  іс – шара  өткізілді. Іс  - шараға  барлық  мектеп  оқушылары  және сынып  жетекшілері  ат  салысты. Іс  шара  барысында  әр  түрлі  эстафеталық  жарыстар, ойындар  өткізілді. Сонымен  қатар  қазақ  халқының  ұлттық  ойындары  асық  ату ойыны  ойналды. Денсаулық  күніне  орай  өткізілген  іс – шарамыздың  соңы  мектеп  оқушыларының  «Флешмоб»  биімен  аяқталды.





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено