Ерлік сабағы

02.09.2015

1 қыркүйек күні  7 сынып оқушылары арасында «Ерлік» сабағы өткізілді. Сабаққа  Әскери-теңіз күштер штабының  әскер жетекшісі Урдабаев Айдаулет Жаркылкасымович  қатысты. Келген қонақ оқушыларға  ҚР ҚК Әскери-теңіз  күштерінің штабтарының дайындық деңгейін, басқа да әскер түрлерімен және тектерімен өзара іс-қимылын ұйымдастыруға, сондай-ақ  кеме экипаждарының әр түрлі навигациялық және ұрыс жағдайында қойылған тапсырманы орындауда тәжірибе жүзінде біліктіліктерін жетілдіре түсулеріне мүмкіндік берілетіні туралы айтып өтті. Урдабаев Айдаулет Жаркылкасымович  оқушыларға  ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері жайлы жазылған кітаптарды сыйға тартты. Кездесу кезінде мектеп оқушыларының бойында патриоттық сезім оянып, белсенділік танытып қонаққа сұрақтар қойды. Кездесу соңында келген қонаққа сый-құрмет ретінде гүл табыс етілді.

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено