Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті
01.09.2015Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті
Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Жиынға №65 мектеп-гимназиясының директоры С.Теменова және директордың орынбасарлары мен ұстаздар қауымы қатысты. Мектеп директоры С.Теменова жиынға қатысқан барша ұстаздар мен оқушыларды 2015-2016 жаңа оқу жылымен құттықтады. Салтанатты жиында ҚР Әнұраны орындалып, Мемлекеттік Ту желбіреді. Сол секілді мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған жас бүлдіршіндер барша жиынға қатысушыларға өз өнерлерін ұсынды.
Community discussions
Обсуждений не найдено
