1-қыркүйек

03.09.2015

      Кешенімізде 1-қыркүйек «Білім күніне» арналған салтанатты жиын болып өтті. Биылғы жиынымыздың ең қуанышты мәселесі ол 1-сыныптардың ашылуы, кешеніміздің төрінен орын алып, мектеп табалдырығын аттаған  балаларымызды Ұлы Отан соғысының ардагері Әубакір атамыз жұбайымен  және кешен директоры  Алмагүл Тілектесқызы жақсы тілектерін білдіріп,бүлдіршіндерімізді құттықтап сыйлықтар ұсынды.

      Кешен директоры Алмагүл Тілектесқызы өз сөзінде  биылғы жылдың ерекше екенін; Ұлы Жеңістің 70-жылдығы, ұлттар Ассамблеясының 20-жылдығы, қазақ хандығының 550 жылдығы және  Конституциямыздың  20 жылдығын  атап өтті.1-сыныптардың ашылуына байланысты ата-аналар қауымы өз ризашылықтарын білдіріп жатты.










Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено