«Достастық балалары»

05.08.2015

18.06-24.06  аралығында Астана қаласының №59 мектеп-лицейінің  8,9,10 сынып оқушылары Қырғызстанда «Достастық балалары» атты халықаралық мәдени-танымдық форумға қатысты. Форумға Қазақстан, Қырғызстан, Белоруссия, Өзбекстан және Ресейдің оқушылары қатысты. Форум аясында «Бейбітшілік көшесінде», « Соғыс ойыншықтары», «Ата-баба жолымен» атты сайыстар ұйымдастырылды. Достастықтың оқушылары өзара пікіралмасып, қазіргі осы елдер арасындағы татулықтың арқасында жыл сайын жиналып отырудың маңыздылығы туралы сөз қозғады.
 

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено