Биікке тек білімділер шығады!
10.06.2015|
Мұстафина Риана , Астана қаласы № 59 мектеп-лицейінің түлегі. Астана қаласы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең үздік 125 ұпай жинады. Рианаға жеңіс әкелген-оның талмас талабы мен ұстаздарының баға жетпес еңбектері. Астана қаласының мақтанышы болған Риананы дайындаған ұстаздары: МолдабековаЖ.Б., КемелбаеваР.У., Шнанов О.Р., РаеваС.Г., Барменова А.З.. -Бұл жеңіс- бір жылдың жемісі емес, жылдар бойы білемін деп талпынған шәкірт пен білім арнасын кеңейтуден шаршамаған ұстаздарымның жемісі,- деп біледі Риана. Риананың ұстаз туралы ойы: Ұстаз деген - ұстаз болып туғандар, Ұлылықты ұлықтаған имандар. Ұрпағының ертеңіне жол ашып, Өмірінің әр шақтарын қиғандар. Риана болашақта дәрігер мамандығын таңдайды. Оның өмірлік ұстанымы: «Дұрыс әрекет ету- дұрыс мақсат қоюдан басталады!»
|
|
Community discussions
Обсуждений не найдено